ТҮРКІСТАН МЕН ШЫМКЕНТ ЖАСТАРЫ ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ КАНДИДАТ А.ТАСПИХОВТЫ ҚОЛДАУ МАҚСАТЫНДА ФЛЕШМОБ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

14 мамырда жастар кандидат А.Таспиховқа қолдау мақсатында «Сайлау-2019. Тұрақты кәсіпорын.Тұрақты қоғам. Тұрақты ел» ұранымен флешмоб ұйымдастырды. Шараға 500 жас буын өкілі атсалысты. Шаһардағы «Тәуелсіздік» саябағына жиналған қыз-жігіттер патриоттық тақырыптағы заманауи әуенге би билеп, шоу көрсетті. Осылайша шымкенттіктер кәсіподақ ұсынысына қолдау білдіруді жөн көрді.