Маңғыстауда А.Таспиховты қолдау бойынша үгіт-насихат жұмыстары белсенді түрде өтуде

Маңғыстау облысында Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат А.Таспиховты қолдау бойынша үгіт-насихат жұмыстары қарқын алуда.

Облыс белсенділері барлық өңірлерде және Ақтау қаласының орталығында үгіт материалдарын таратты. Шараға 60-тан астам белсенді қатысты, олардың 25-сі Ақтау қаласынан, ал қалғандары облыстың аудандарынан.

Белсенділер халыққа насихат парақшалары мен ҚР Президенттігіне кандидат А.Таспиховтың өмірбаяны мен сайлауалды бағдарламасы баяндалған кітапшаларын таратты. Олар қалада көп халық шоғырланған «Ыңтымық», «Мәңгілік алауы», «Амфитеатр» алаңдарында, Шевченко саябағында,жағалауда болып, халықты кандидат А.Таспиховтың бағдарламасымен таныстырып, сайлауға белсеңді қатысуға, кәсіподаққа дауыс беруге шақырды.