Қазақстан Республикасының Президенттігіне Кәсіподақтар федерациясынан ұсынылған Аманкелді Таспиховты қолдау үгіт-насихат материалдары Қызылорда облысы аудандарының алыстағы ауылдарына жеткізілді.
Кәсіподақтар кандидатын қолдаушы белсенділер, аудандық штаб мүшелері, кандидаттың сенімді өкілдері шалғайда жатқан ауылдарды аралады. Елді мекендердегі арнайы белгіленген үгіт тақталарына баспа материалдары орналастырылып, тұрғындар арасында үгіт қағаздары таратылды.