15 мамырда ҚР Президенттігіне кандидат А. Таспиховтың Жамбыл облысы бойынша қоғамдық штабының төрағасы және сенімді өкілдері Меркі ауданындағы «Меркі сүт зауыты» ЖШС -де өндіріс орнында ұжым еңбеккерлерімен кездесу өткізді.
Кездесуге 25-тен астам өндіріс жұмысшылары мен зауыт директоры және оның орынбасарлары қатысты. Сайлаушыларға А. Таспиховтың Жамбыл облыстық қоғамдық штабының жетекшісі, сенімді өкілі М. Төлепберген кандидаттың өмірбаяны және сайлауалды тұғырнамасымен таныстырды.
Тұрғырнамада көрсетілген еңбек адамдарына лайықты еңбекақы төленуі мен қауіпсіз еңбек жағдайының жасалуы талқыланып, кандидаттың қадамдарына сәттілік тіледі.