Бүгін, 16 мамырда Шу қаласындағы мәдениет үйінде ҚР Президенттігіне кандидат А. Таспиховтың Жамбыл облысы бойынша сенімді өкілдері жергілікті тұрғындармен кездесті.
Аймақтық штаб мүшелері және сенімді өкілдері Б.Қараулов пен Ж. Алшынбаева кандидаттың өмірбаянымен және сайлауалды тұғырнамасымен таныстырды.
Еңбек адамының құқығын қорғау, лайықты жалақы төлеу, жұмыскерлер мен жұмыс берушілер арасындағы қарым – қатынасты нығайту, ұжымдық шарттың мән – мағынасын арттыру арқылы еңбек мәртебесін көтеру жолындағы нақты мәселелер сайлаушылардың тарапынан қолдау тапты.
Сайлаушыларды А. Таспиховтың өмірбаяны, азаматтық позициясы қызықтырды. Жалпы ҚР Кәсіподақ Федерациясында атқарылып жатқан жаңашыл қызметі де назар аудартты.