Мұғалімдер еңбек құндылықтарын бағалайды

16 мамыр күні Шу ауданы, Төле би ауылындағы №44 М. Мақатаев атындағы мектеп – гимназияда аудандағы білім және ғылым салалық кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері, мұғалімдер мен қызметкерелер ҚР Президенттігіне кандидат А. Таспиховтың сенімді өкілдерімен бас қосты.

Кездесуге 170- астам сайлаушы қатысты.

Жамбыл облыстық аймақтық штаб жетекшісінің орынбасары Б. Қараулов пен мәдениет және спорт салалық кәсіподақ ұйымының Жамбыл обылстық филиалының төрағасы Ж. Алшынбаева сайлау додасының қақ ортасынан табылған А. Таспиховтың тұтас азаматтық болмысы туралы әңгімелеп, сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

Мұғалімдер барлық уақытта еңбек құндылықтарын қадірлейді. Ал оның бағасын білу кандидат А. Таспиховтың сайлауалды бағдарламасында толық тиянақталған. Сол себепті мазмұнды әңгімеге орай мұғалімдер де көп үн қатты.