Ел тұрғындарының жартысына жуығы ауылда тұрады. Алайда, мұнда еңбектеніп жүрген ұл-қыздарды жиі кезіктіре алмайсың. Неліктен? Бұл сұраққа жауап – жалғыз. Елді мекендерде кейінгі ұрпақ өкілдерін қызықтыратын, жұмыс істеуге стимул болатын тиісті жағдай жасалмаған. Бүгінде өткір тұрған мәселе республикалық ауыл еңбек жастарының форумында талқыланды. Тақырыпты тілшіміз Эльмира Сәдуақасова тарқатады.