Қызылордада «Жолаушы» акциясы бастау алды

15 сәуірде Қызылордада «Жолаушы» акциясы бастау алды. ​ ​ Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Амангелді Таспиховты қолдаушы Қызылорда облысы кәсіподақтарының белсенді жастар тобы жолаушылар тамалдайтын қала автобустарында, аялдамаларда жолаушыларға үгіт-насихат материалдарын таратты. Белсенді жастар жолаушыларды Президент сайлауында белсенділік танытуға, кәсіподақтардан үміткер ​ Амангелді Таспиховқа дауыс беруге шақырды.

Қызылорда кәсіподақтарының кандидатты қолдауға арналған іс-шаралары кестесіне сәйкес, «Жолаушы» акциясы алда темір жол стансасы вокзалдарында, әуежайда жолаушылар арасында өткізілетін болады.