2019 жылы 9 маусымда өтетін Қазақстан Республикасы Президенті сайлауында кәсіподақтардан ұсынылған Аманкелді Таспиховтың кандидаттығын қолдау үшін Жалағаш аудандық қоғамдық штаб құрылды. Штабқа аудандық кітапхана кәсіподақ ұйымының төрайымы Меңдібаева Ұлмекен басшылық жасайды.
Аудан орталығында штабтың жиыны өткізіліп, жиынға аудандағы сенімді өкілдер, ауыл шаруашылығы саласы кәсіподақ ұйымдары мен мәдениет саласы кәсіподақ ұйымдарының белсенділері жиналды. Кандидат А.Таспиховтың сенімді өкілі, облыстық ауылшаруашылығы саласы кәсіпоғы төрағасы Сахы Тұрсынбайұлы жиынға қатысушыларды кандидаттың өмірбаяны мен тұғырнамасымен таныстырды. Сонымен қатар, қоғамдық штаб мүшелеріне негізгі міндеттерді түсіндіріп, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын белсенді жүргізуге, кандидатты қолдауға шақырды.
Облыстық штабтан жеткізілген үгіт-насихат материалдары аудан орталығында, елді мекендерде таратылуы үшін тиісінше бөлініп берілді. Жалағаш кентінде арнайы бөлінген сайлауалды үгіт тақталарында аудандық штабы мүшелерімен, сенімді өкілдерімен плакаттар ілініп, тұрғандар арасында үлестірме материалдар таратылып бастады. Үгіт-насихат материалдары ауданға қарасты елді мекендерге ауылдық кітапхана қызметкерлері арқылы жеткізілуде.