“ҚР Президенттігіне кандидат А. Таспиховтың сайлауалды бағадарламасы лайықты еңбек мәртебесін асқақтатуға арналған, сондықтан да қолауға ие болады”, – дейді тараз қаласындағы № 57 орта мектептін ұстаздары.
Бұл кездесу бүгін қала шетіндегі Көлтоған елді мекеніндегі мектепте А. Таспиховтың сенімді өкілдерімен өтті.
ҚР Президенттігіне кандидат А. Таспиховтың аймақтық штабының жетекшісі, сенімді өкілі М. Төлепберген мектеп ұжымына кандидаттың сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, онда көрініс тапқан әрбір өзекті және қажетті мәселелер жөнінде ой тоғыстырды. Сайлаушылар болса, жалпы еңбек адамының мүддесі мен құқығын қорғау әлеуметтік бірлікті қамтамасыз етеді, сенімді ұлғайтып, тұрмыс сапасын жақсартады, алаңсыз өмір сүруге зор ықпал жасатынын атап көрсетті.