Қордай аудандық орталық мұражайында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясынан Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат А.Таспиховтың сенімді өкілі Ж.Алшынбаева еңбек ұжымымен сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында кандидат А.Таспиховтың тұғырнамасында көтерілген мәселелер еңбек ұжымының талқысына түсті. Сенімді өкіл Ж.Алшынбаева осы мәселелердің бүгінгі таңда қаншалықты өзекті екеніне тоқталып, әріптестерімен пікір алмасты. Шындығында, мәдениет саласы қызметкерлерінің еңбек ақысы ең төмен екені жасырын емес.
Осыған орай, аталған мәселенің кандидат А.Таспиховтың бағдарламасынан ойып орын алғаны кәсіподақ мүшелерін қуантып-ақ қалды. Жиын соңында еңбек ұжымы алдағы сайлауда өз кандидаттарын қолдайтындарын айтты.* Қордай аудандық штабта үгіт-насихат материалдарын тарату тағы да пысықталды. Күре жол бойындағы елді мекендердегі орындарға насихат материалдарының орналастырылғаны қадағаланды.