КӘСІПОДАҚ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ЖҮРЕГІНДЕ!

Қарағанды облысының Шет ауданындағы Еркіндік ауылында Тұрсын Мұқашұлының ұрпақтары аламан бәйге мен тай бәйге ұйымдастырды. Сонымен қатар, ауыл азаматтары құнан бәйге сайысын өткізіп, іс-шара соңы ауызашармен жалғасты.

Іс – шараға Қарағанды облысының Кәсіподақ Орталығының төрағасы Болат Жұмабеков, РҚБ “SENIM “Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы” Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Ноян Бидайбаев, «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Мылтықбай Ғазалиев, “ҚТЖ – Жүк тасымалы” АҚ кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары Қуаныш Мұқашев қатысты.

Еркіндік ауылы Успен ауылдық округінің құрамына енеді. Нильды кентінде Қазақстанның кәсіподақ қозғалысы өз бастауын алады, 1905 жылдың 6 желтоқсанында біздің еліміздің тарихында алғашқы Успен мыс кенішінің жұмысшылар Одағы бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылды.