Сенімді өкілдер салалық кәсіподақ төрағаларымен кездесу өткізді

Бүгін Алматы облысы Алакөл ауданы Үшарал қазақ гимназиясында ҚР Президенттігіне үміткер Аманкелді Сатыбалдыұлы Таспиховтың сенімді өкілдері білім беру мекемелері бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағалары және мемлекеттік қызметкерлер және банкі саласы қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы төрағаларымен кездесу өткізді.

Жиынға қатысушы қызметкерлер кандидаттың тұғырнамасында көтерілген еңбек адамының құқы мен мүддесін қорғау, кез келген еңбек адамына лайықты еңбек ақы төленуі жөнінде көрсетілген ұсыныстардың өзекті екендігі жайлы көзқарастарын білдірді, сенімді өкілдер қатысушылар сұрақтарына түсіндірмелер беріп, үміткердің сайлауалды тұғырнамасына қолдау білдірді.

Бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағалары алдағы сайлауда үлкен белсенділік танытып, конституциялық құқықтарын толық орындап бір кісідей қатысуға шақырылды. Сенімді өкілдер А.Таспиховтың өмірбаянымен, сайлауалды тұғырнамасымен таныстырып, жиынға қатысушыларға үгіт-насихат материалдарын таратты.