“Кәсіподақтар – Сіз үшін, Кәсіподақтар – Сіздермен бірге!”

Ағымдағы жылдың 20 мамыры күні Батыс Қазақстан облысының ҚР Президенттігіне үміткер А.Таспиховтың сенімді өкілі Ғ.Сахипов сайлауалды науқанның үгіт-насихат жұмыстарымен Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданына іс-сапарға шықты.  

Сенімді өкіл Сырым ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының кәсіподақ мүшелерімен кездесіп, оларға үміткердің жосықсыз жұмыс берушілердің жауапкершілігін арттыру, қауіпсіз еңбек жағдайын жасау, жұмысшылардың еңбек құқығын қамтамасыз ету, еңбек миграциясын реттеу сияқты мәселелерге негізделген сайлауалды тұғырнамасымен таныстырды. Сонымен қатар, ауданның кәсіподақ мүшелерін ҚР Президенттігіне «Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы» РҚБ үміткер А.Таспиховқа қолдау көрсетіп, дауыс беруге шақырды. Кездесу барысында қатысушылар сенімді өкілге өз сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын ала алды.