Кәсіподақ – мемлекет пен қоғам арасындағы бітімгер

Ел Президенттігіне үміткер А.Таспиховты қолдау мақсатында бүгін сайлаушылармен кездесу Шымкент қаласында “Жасыл белдеу” коммуналдық мекемесінің мәжіліс залында өз жалғасын тапты.

Белсенді топ мекеме өкілдерімен кездесті. Жиында алғаш болып сөз алған Құрылыс комплексі жəне ТҮКШ қызметкерлері кəсіподағының төрағасы, штаб мүшесі, үміткердің сенімді өкілі Абдурайра Манахов алдағы сайлаудың маңызы зор екенін алға тартты.

«Егемен еліміз үшін, халық қамы үшін аянбай қызмет ететін кандидатты таңдау – əрбір Қазақстан азаматының борышы» дей келе қатысушыларды жаппай дауыс беруге шақырды. Көкейде жүрген сауалдарын қойып,оған тұшымды жауабын алған жұмысшылар өмірі үшін елеулі саяи додаға бей-жай қарай алмайтындықтарын жеткізді.

Бұл алқалы кездесуге 60 сайлаушы қатысты. Насихат шарасында үміткердің Түркістан облыстық және Шымкент қаласы бойынша қоғамдық штаб мүшелері мен сенімді өкілдері Абдурайра Манахов мен Кулдар Есебаева үміткер тұғырнамасын жіті таныстырып шықты. Қатысушылар кәсіподақ ұстанымдарының бүгінгідей нарықтық экономика дамыған дәуірде өзекті екенін екшеп, азаматтардың еңбек және басқа да Конституциялық құқықтарының қорғалуы, сондай-ақ қауіпсіз жерде жұмыс жасау мәселелері тақырыбында ойларын ортаға салды.