Павлодар облысының аймақтық сайлауалды штабының сенімді өкілдері Президенттікке кандидат Аманкелді Сатыбалдыұлы Таспиховты қолдау бойынша үгіт насихат жұмысын жалғастыруда.
Бүгін, 20 мамыр күні, кандидат Аманкелді Таспиховтың сенімді өкілдері Айгүл Маликова мен Марина Иванова «KAZPOST» Павлодар облыстық филиалының келушілері мен қызметкерлеріне үгіт-насихат брошюралары мен флаерлерін таратты.
Сенім өкілдер жиналған қауымға кандидаттың өмірбаянын және сайлауалды тұғырнамасын түсіндірді.
Кәсіподақтардан ұсынылған кандидаттың тұғырнамасында көрсетілген негізгі бағыттар еңбеккердің еңбек жағдайы, еңбек құқықтары мен әлеуметтік мәселелер екендігі түсіндірілді.