Бүгін, 22 мамырда ҚР Президенттігіне кандидат А. Таспиховтың Жамбыл облысы бойынша қоғамдық штабының мүшелері А. Наурызбаев «Жаншуақ» ЖШС –гі ұжымымен кездесу өткізді.
Зертхана жұмысшыларына ҚР Президенттігіне кандидат А. Таспиховтың өмірбаянымен сайлауалды бағдарламасы таныстырылды, меншік түріне қарамастан барлық кәсіпорындар мен ұйымдарда міндетті түрде заң аясында ұжымдық келісім-шарт жасау, еңбек миграциясын реттеу мәселесі кеңінен түсіндірілді. Кандидаттың ұстанымы еңбек адамына қамқорлық екенін атап өтілді. Үгіт-насихат материалдары таратылды.