«Аманат» байқаушыларымен жүздесті

Бүгін, ҚР Президенттігіне кандидат А.Таспиховтың Жамбыл облысындағы аймақтық қоғамдық штаб мүшелері «Аманат» сайлауға мониторинг жүргізу азаматтық платформасының Жамбыл облыстық өкілдігінің жетекшісі П.Мамедовамен кездесті.

Штаб жұмысы жайлы штаб жетекшісі М.Төлепберген байқаушыларға ақпарат беріп, атқарылып отырған сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жайлы баяндап берді.

Өз кезегінде П.Мамедова «Аманат» сайлауға мониторинг жүргізу азаматтық платформасының мақсаты туралы айта келе алдағы сайлауда байқаушылармен облыстың барлық сайлау учаскелері толық қамтылатынын жеткізді.