Ел Президенттігіне үміткерді қолдау мақсатында бүгін сайлаушылармен кездесу Шымкент қаласындағы Асанбай Асқаров атымен аталатын саябақта өтті.
«ЛТД-Тұрмыс» ЖШС жұмысшыларымен кездескен белсенді топ 200 қатысушының басын қосты. А. Таспиховтың Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша қоғамдық штаб өкілі Берік Бекжанов алда келе жатқан сайлаудың ел өміріндегі маңыздылығына тоқталды.
Азаматтарды дауыс беруге шақырып, сайлауға аса жауапкершілікпен қарап, дауыс беруге үндеді. Үміткердің тұғырнамасымен таныстырып шыққан штаб басшысы кандидат ұстанымдарын жіті түсіндіріп өтті. Еңбеккер құқы мен мүддесіне тоқталып, бұл орайда, А.Таспихов тұғырнамасының басты ұстанымы – қарапайым еңбек адамына жасалуы тиіс қамқорлық екенін атап өтті.
Жиында сөз алған Құрылыс комплексі жəне ТҮКШ қызметкерлері кəсіподағының төрағасы, сенімді өкіл Абдурайра Манахов «Егемен еліміз үшін, халық қамы үшін аянбай қызмет ететін кандидатты таңдау – əрбір Қазақстан азаматының борышы» дей келе қатысушыларды жаппай дауыс беруге шақырды. Көкейде жүрген сауалдарын қойып,оған тұшымды жауабын алған жұмысшылар өмірі үшін елеулі саяи додаға бей-жай қарай алмайтындықтарын жеткізді.