ҚР Кәсіподақтар федерациясынан Президент сайлауына кандидат А.Таспиховтың Жамбыл облысындағы сенімді өкілдері Ш.Исабеков, Е.Сатыбалдиев және Б.Махамедов шалғай аудан – Мойынқұм ауданының орталығы, Мойынқұм ауылының аудандық мәдениет үйінде жергілікті сайлаушылармен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын өткізді.
Кездесуде сенімді өкілдер мұндай еліміздегі ең жоғарғы лауазым сайлауына кәсіподақтардан кандидат алғаш түсіп отырғанын және оның басты себептерін баяндай келе, сайлаушыларға өз кандидаттарының сайлауалды тұғырнамасын таныстырып берді.
Бұл орайда, А.Таспиховтың тұғырнамасының басты ұстанымы – қарапайым еңбек адамына жасалуы тиіс қамқорлық екені де айтылды.
Кездесуге жиналған көпшілікке кандидаттың үгіт-насихат материалдары таратылды.