Энергетиктер кәсіподақтармен бірге!

Бүгін, 22 мамырда ҚР Президенттігіне кандидат А. Таспиховтың Жамбыл облысы бойынша қоғамдық штабының мүшелері, сенімді өкілдері А. Наурызбаев пен С. Еламанов «Жамбыл электр желілері» ЖШС-гі ұжымымен кездесті.

ҚР Президенттігіне кандидат А. Таспиховтың сенімді өкілдері құрамында 2 мыңдай кәсіподақ мүшелері бар «Жамбыл электр желілері» ЖШС-нің бастауыш кәсіподақ ұйымының ұжымына ҚР Президенттігіне кандидат А. Таспиховтың сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

Сайлауалды бағдарламадағы жұмысшылардың еңбек құқын қорғайтын, лайықты жалақы төлеу, әсіресе, қауіпсіз еңбек жағдайын жасау мәселелері өндіріс жұмысшыларының көңілінен шығып, лайықты қолдауға ие болды.

Үлкен ұжымның кәсіподақ белсенділерімен өткен жиында Қазақстан Кәсіподақтары федерациясының жаңашыл бағыттары мен атқарылып жатқан іс-шаралар жайлы пікір алысып, ұжым жұмысшыларын алдағы сайлауға толықтай қатысуға шақырды.