Бүгін облыстық кәсіподақтар үйінде ауыл шаруашылығы саласының жеке кәсіпкерлерімен кездесу өтті.
Кездесуге «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Қызылорда облыстық бөлімі директоры орынбасары П.Сыздықов, ауыл шаруашылығы саласындағы жеке кәсіпкерлер және ауыл шаруашылық кәсіподағының мүшелік ұйым кәсіподақ белсенділері қатысты. ҚР Президенттігіне кандидат Амангелді Таспиховтың Қызылорда облысы бойынша өңірлік штаб басшысы, аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Серік Сермағамбетов қатуышыларды кәсіподақтар кандидатының өмірбаяны мен тұғырнамасымен таныстырды.
С.Сермағамбетов кандидаттың еңбек заңнамалары бойынша, қауіпсіз еңбекті ұйымдастыру туралы көтерген мәселелері жайлы сөз қозғады, кәсіподақтардың үлкен саяси науқандағы белсенділігі кәсіподақтар қызметтерінің негізгі қағидаттарымен ұштастырылғандығымен түсіндірілді. Негізгі қағидат – еңбеккерлер құқығы мен мүддесі. Кәсіпкерлер тарапынан аталған мәселелер туралы ойлары ортаға салынып, кандидат тұғырнамасы бойынша оң пікірлер білдірілді.