Үгіт жұмыстары жалғасуда

Бүгінде сайлауалды үгіт жұмыстарымен Жамбыл облысының барлық аймақтары, сонымен қатар ауылдық жерлер де қамтылып, өңірлік қоғамдық штаб мүшелерінің назарынан тыс қалмай отыр.

Осындай шалғай ауылдық жерлердегі сайлаушылармен кездесу Мойынқұм ауданының Бірлік ауылының «Жастар» клубында да өтті.

Штаб мүшелері Ш.Исабеков, Е.Сатыбалдиев және Б.Махамедов ауыл тұрғындарымен кездесіп, өз кандидаттарының бағдарламасымен таныстырды. Сөз сөйлеген сенімді өкілдер еңбек адамының қоғамымыздың құндылығы екенін және кәсіподақтар әрдайым еңбек адамының қорғаушысы екенін айтып, сайлауға белсенді қатысуға шақырды.

Сонымен қатар сайлаушыларға үгіт материалдары үлестірілді.