Батыс Қазақстан облысы филиалының төрағасы Ғ. Сахипов Қазақстан Республикасы Президенттігіне ҚРКФ-нан үміткер Таспихов Аманкелді Сатыбалдыұлының сенімді өкілі ретінде облыстың ауылдық және аудандық аймақтарында кәсіподақ мүшелерімен тілдесті. Облыстық штабтың сенімді өкілі ретінде, филиал төрағасы Батыс Қазақстан облысының Сырым, Қаратөбе аудандарында және шаруашылық ұжымдарымен бірнеше кездесулер өткізді.
Кездесу ашық диалог форматында өтіп, Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Аманкелді Таспиховтың сайлауалды тұғырнамасының негізгі ережелері таныстырылды. Атап айтқанда, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі туралы бөлімге тоқталып, кездесуге қатысушылар сайлауалды тұғырнамада қолға алынғанын мәселелерге қолдау көрсетті.