Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде кездесу өтті

Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Аманкелді Таспиховтың Қазалы ауданындағы сенімді өкілі Назерке Ерғабыл көлік-техникалық колледжінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Кездесуде карапайым жұмыскерлердің еңбек талаптарын қанағаттандыруға, еңбек заңнамаларының әділетті , жұмыскерлердің еңбегі мен денсаулығы, біліктілігіне лайықты мүддеде қалыптастырылып, толықтырылуына күш жұмсауға бағытталған А.Таспиховтың тұғырнамасындағы негізгі талаптар түсіндірілді.

Кездесуге қатысушылардан сайлауда белсенділік таныту, кәсіподақтар кандидатын қолдау туралы пікірлері білдірілді. Шараға 60 адам катысты, қатысушыларға үгіт-насихат материалдары таратылды.