А.Таспиховтың сенімді өкілдері медицина қызметкерлерімен кездесті

ҚР Президенттігіне кандидат А.Таспиховтың Түркістан облысы, Шымкент қаласы бойынша аймақтық қоғамдық штаб өкілдері сайлау қарсаңында үгіт-насихат жұмыстарын қарқынды атқаруда.

Бүгін «Сенім» денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің Шымкент қалалық филиалының төрағасы, сенімді өкілі Ерғозы Батырбеков бастаған белсенді топ Шымкент қалалық жедел-жәрдем ауруханасының еңбек ұжымымен кездесті.

100 адам қатысқан жиында үміткердің сенімді өкілі Ерғозы Батырбеков сайлаудың маңыздылығы мен ерекшелігіне етене тоқталды. Сондай-ақ үміткердің сайлау алды тұғырнамасы мен өмірбаянын, еңбек жолын жиналған қауымға кеңінен түсіндірді. Кандидаттың сенімді өкілі тұғырнамада қамтылған еңбек қауіпсіздігін сақтау, сыртқы жəне ішкі миграция жайы туралы келелі әңгіме қозғады. Сөз сөйлеген сенімді өкілдер еңбек адамының қоғамымыздың құндылығы екенін және кәсіподақтар әрдайым еңбек адамының қорғаушысы екенін екшеді.

Штаб өкілдері келген көпшіліктің сұрақтарына жауап беріп, бүгінгі еңбек адамының рөлі мен орнын айқындады. Сайлауда дауыс беру барша азаматтың міндеті екенін тағы бір еске салған штаб басшысы үміткер Таспиховтың еңбек адамының қауіпсіздігі мен құқын, мүмкіндіктерін екшеген ұстанымдарын жіті талдап берді. Сондай ақ Батырбеков мырза еңбек адамының жалақысы, әлеуметтік қолдау мәселелері жөніндегі кадидаттың ой-пікірлерін де ортаға салды.