Еңбек адамдары кандидат А. Таспиховты қолдайды!

Тараз қалалық Абай атындағы орталық кітапханада Президенттіктен үміткер А.Таспиховтың сенімді өкілі Ж.Алшынбаева еңбек ұжымымен кездесті.

Жиында сенімді өкіл кандидаттың тұғырнамасын баяндап, онда көтерілген өзекті мәселелерге тоқталды. Кітапханашылардың көңілінен тұғырнамадағы әсіресе, лайықты жалақы төлеу мәселесі ойып орын алды деуге болады. Себебі, жасырын емес, кітапханашылардың бүгінгі жалақылары еліміздегі орташа еңбек ақы деңгейінен төмен болып отыр.

Жалпы, жиынға қатысушылар тұғырнаманың еңбек адамына бағытталғанына қолдау білдіріп, алдағы сайлауға қатысуға ниетті екендерін жеткізді.