Бүгін Сарысу ауданы Жайылма ауылындағы «Жастар» ауылдық клубында Кәсіподақтар федерациясынан Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат А.Таспиховтың сенімді өкілі М.Төлепберген ауыл тұрғындарымен сайлауалды үгіт-насихат кездесуін өткізді.
Жиынды ашқан М.Төлепберген шалғай ауылға арнайы ат басын тіреп келген себебі, кандидат А.Таспиховтың сайлауалды тұғырнамасында көтерілген мәселелерді ауыл тұрғындарының назарына жеткізу деді. Жиын барысында тұғырнамадағы көтерілген әрбір мәселе жеке-жеке талданып, талқыға түсті.
Көп адам бара бермейтін осындай шалғай ауыл тұрғындары қонақтарға ризашылығын білдіріп, алдағы сайлауда сәттілік тіледі.
Жиын соңында облыстық аймақтық штабтың жас белсенділері тұрғындарға үгіт-насихат қағаздарын таратты.