2019 жылғы 23 мамыр күні Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Аманкелді Сатыбалдыұлы Таспиховты қолдау мақсатында Атырау облыстық филиалының бастауыш ұйымдарының мүшелері “Атырау облысы Статистика департаменті” қызметкерлерімен және “№4 Қоғамдық қызмет көрсету орталығы” ұжымы қызметкерлерімен, “Қалалық жұмыспен қамту,әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” мекемесінің ұжымымен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында еңбек адамының лайықты еңбекақысы мен еңбек қауіпсіздігі үшін жасалатын жағдайлар, олардың мүдделері мен құқықтарын қорғау туралы мәселелер айтылды, барлығы 40-тан астам адам қатысты.