ОБСЕ БАҚЫЛАУШЫЛАРЫ КЕЛДІ

Сайлау қашанда бұқара халықтың ғана емес халықаралық қоғамдық ұйымдардың да назарында тұрады. Міне, сондай бір ұжым – Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы (ОБСЕ) болып табылады.

Жуырда осы ұйымның Атырау қаласындағы өкілдері облыстық Кәсіподақтар үйінде орналасқан Машу Поульсен мен Эмиль Шакир Уулу Қазақстан Республикасының президенттігіне үміткер А.Тасбиховтың сайлауалды штабында болды. Олар кандидаттың сенімді өкілдерімен және сайлауалды штабтың жұмыстарымен кеңірек танысып, бірнеше сұрақтарына тұшымды жауаптар алды.

Кездесуде облыс кәсіподақ ұйымдарының сайлау алды науқанына қатысы, еріктілер мен сенімді өкілдердің іс қимылы, үгіт-насихат жұмыстарының ауқымы және т.б. сөз болды.