Республикалық қоғамдық штаб өкілдері «Ақжайық» шипажайында

23 мамыр күні Батыс Қазақстан облысына келген ҚР Президенттігіне кандидат А.Таспиховтың Республикалық қоғамдық штаб төрағасының орынбасары, «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ төрағасы Жақыпов Мирболат Хабиұлы және «Қазақстандық мұнай-газ кешенінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ төрағасы Сұлтан Есимұлы Қалиев Батыс Қазақстан облысы «Ақжайық» шипажайының қызметкерлері және демалушыларымен кездесті.

Демалушылардың көпшілігі – Батыс өңірінің Атырау, Ақтөбе, Ақтау қалаларынан келген қонақтар мен облыстың жергілікті тұрғындары. Республикалық қоғамдық штабтың өкілдерімен тікелей жүздесіп, өздерін мазалаған сұрақтары мен ұсыныстарын жеткізу жиналғандар үшін қызығушылық тудырды.

Кездесу барысында Республикалық қоғамдық штаб өкілдері М.Жақыпов пен С.Қалиев, А.Таспиховтың сенімді өкілі А.Сафуллин кандидат А.Таспиховтың қауіпсіз еңбек, еңбек адамын қорғау және лайықты еңбек жағдайларын жасау сияқты сайлауалды тұғырнамасына негіз болып табылатын бағдарламасына толығырақ тоқталып өтті. Сонымен қатар, «Ақжайық» шипажайының қызметкерлері мен демалушыларын сайлауға белсенді қатысып, А.Таспиховқа дауыс беруге шақырды.