Теміржолшылар – кәсіподақтың қолдаушысы

Темір жол – экономикамыздың күре тамыры. Бұл салада мыңдаған адам еңбек ететіні бәрімізге аян. Сала жұмыскерлерінің баршасы дерлік – кәсіподақ мүшелері.

Алдағы сайлауда Президенттіктен үміткер кәсіподақтар өкілі А.Таспиховтың Жамбыл өңіріндегі сенім артқан өкілдері Б.Қараулов пен А.Наурызбаев осыны ескере отырып, бүгін «ҚТЖ Ұлттық Компаниясы» АҚ-ның Жамбыл жол бөлімшесінің еңбек ұжымында сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын өткізді.

Сенімді өкілдер жиналған 100-ге жуық еңбек ұжымына А.Таспиховтың өмірбаянынан бастап, сайлауалды тұғырнамасын тәппіштеп баяндап берді. Жиналғандардың барлығы еңбек адамы болғандықтан, тұғырнамадағы көтерілген қарапайым еңбек адамының бүгінгі таңдағы өзекті мәселелері көпшіліктің көңілінен шықты.

Өз тараптарынан теміржолшылар өкілдері қонақтарға алғыстарын білдіріп, алдағы сайлауда сәттілік тіледі.