Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы №270 мектеп гимназиясында және аудандық емханасында ҚР Президенттігіне кандидат А.Таспиховтың сенімді өкілі Сәкен Жұманов үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Мектеп ұжымы мен кент тұрғындарын А.Таспиховтың тұғырнамасымен таныстырды. Мектептің еңбек ұжымы мен емхана қызметкерлеріне, тұрғындар арасында сенімді өкіл С.Жұманов кандидаттың тұғырнамасындағы еңбек адамының жан-жақты заңнамалармен қорғалу мәселесі, кәсіподақтардың сайлауға қатысудағы мақсаттарын түсіндірді.
Сайлауда Шиелі ауданындағы 40 сайлау учаскесінде 51322 сайлаушы дауыс береді деп күтілуде.