Шымкентте өнер адамдарымен кездесу өтті

Бүгін А. Таспиховтың Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша аймақтық қоғамдық штаб өкілдері өнер адамдарымен кездесті. Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театрының ұжымымен өткен басқосуға 40 адам қатысты.

ҚР Мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің Түркістан облыстық кәсіподағының төрағасы, үміткердің сенімді өкілі Бастарбек Пірімбетов баяндама жасап, А.Таспиховтың өмірбаяны мен ел игілігі үшін атқарған жұмыстарына шолу жасады. Кандидаттың еңбек заңдылықтары бойынша келелі жоспарлары еңбеккерлерді бір серпілтіп тастады.

Кандидатың сайлауалды тұғырнамасына талдау жасап, үміткерді қолдауға шақырды. Кандидаттың пікірінше, кез- келген еңбек адамы үшін оның еңбегіне лайықты ақы төленуі-негізгі шарт болып табылады. Себебі осы арқылы тұрғындардың өмір сүру деңгейі мен қоғамдағы жалпы әлеуметтік тұрақтылық анықталады. Үміткердің еңбек адамының мәртебесын ұлықтаудағы осындай ойларымен бөліскен Бастарбек Пірімбетов тұғырнамаға сүйене отырып, бюджеттік сала қызметкерлерінің базалық еңбекақысын төменгі еңбекақы мөлшеріне дейін жеткізу және барлық жұмыскерлерінің еңбекақысын көтеру бойынша тұжырымдамаларын жеткізді. Белсенділер бүгінде бұл ұстанымдардың еңбек қоғамы мен жұмыскер үшін қаншалықты маңызды екеніне тоқталды. Шығармашыл жандар сауал қойып, штаб мүшелерінен тұшымды жауап алды.

Театрдың бөлім меңгерушісі Бибінұр Шымырқұлова әйелдердің зейнет жасын азайтуға қатысты сауал жолдап, бұл мәселеге орай штаб өкілдерінің ой-пікіріне қанықты. Штаб мүшелері мен сенімді өкілдер сайлаушы тарапынан түскен ұсыныстың үміткерге жолданатынын жеткізді. Шара соңынан қатысушыларға үгіт-насихат парақшалары мен кандидаттың тұғырнамасы жарияланған материалдар таратылды.