Бүгін “Серіктес” жергілікті кәсіподақ ұйымының мүшелері Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер А.С. Таспиxовты қолдау мақсатында қаланың “Most“ бильярд клубында кәсіподақ мүшелеріне арналған іс-шара ұйымдастырды. Кәсіподақ ұйымы қызметкерлердің еңбек құқықтары мен қауіпсіздік шараларының тең сақталуымен олардың бос уақытының сапалы да ұтымды өтуіне көңіл бөледі.
Сондай-ақ, осы іс-шараның ресми бөлімінде “Серіктес” жергілікті кәсіподақ ұйымының төрайымы Тоғайбекова Меруерт Бескемпірқызы Аманкелді Сатыбалдыұлы өзінің сайлауалды тұғырнамасында көрсеткендей еңбек адамын қорғауға бағытталған бағдарламасының тармақтарының орындалуы- еліміздің әрбір еңбек етуші азаматын жаңа бір сатыға көтеретінін, сонымен қатар өзі де А.С.Таспиxовтың сайлауалды тұғырнамасын толықтай қолдап және барша серіктестерін де осы бағытқа шақыратынын тұсау етті.
Амангелді Сатыбалдыұлының сайлауалды бағдарламасы еңбек адамына көрсетілетін нағыз демеу екенін ұйым мүшелеріне түсіндірді. Іс- шара аясында спроттық түрлі ойындар ойнатылып, жеңімпаздарға сыйлықтар таратылды. Кездесуге 65 адам қатысты