Бүгін, 27 мамырда ҚР Перзиденттігіне кандидат А. Таспиховтың Жамбыл облыстық аймақтық штабының жетекшісі М. Төлепберген Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының аудандық комитеттерінің төрағаларымен алқалы жиын өткізді.
Еліміздегі және соның ішінде осы облыстағы ең ірі салалық кәсіподақ ұйымының белсенді қызметкерлері бұл сайлауға ұйымшылдықпен қатысуға мақсат етіп отыр. ҚР Перзиденттігіне кандидат А. Таспиховтың сайлауалды тұғырнамасын және үгіт-насихат материалдарын таныстырып, таратуда белсенділікпен қызмет атқарып келеді, барлық жағынан қолдау көрсетуде.
Беделді педагогтар мен кәсіподақ мүшелері аудандық насихат топтарына да жетекшілік етуде.
М. Төлепберген ҚР Кәсіподақтар федерациясы ұсынған кандидаттың платформасы қоғам мен уақыт талабына үндес екенін атап өтті. Кәсіподақтардың беделін көтеру үшін де кәсіподақтардың ауызбірлігі қажет екенін, сол мүмкіндіктің келештегі мәнін жан-жақты айтып берді.
Өз кезегінде, Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының төрағасы Е. Мағзымбеков өз әріптестерінің бұл сайлаудың қоғамдық-саяси маәнін терең түсінеді, мемлекетшілдік қасиеттерімен және өздері белсенді мүшесі болып табылатын кәсіподақ ұйымының мақсат- мүддесі тұрғысынан көрінетініне сенім білдірді.
Кездесу әріптестік, шынайы ықыласты жағдайда өтті.