25 мамыр күні облыстық өңірлік қоғамдық штабының мобильдік үгіт тобы Павлодар облысының қалалары мен аудандарының көшелерінде үгіт-насихат материалдарын тарату және Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясынан кандидат Аманкелді Сатыбалдыұлы Таспихов туралы ақпаратты тұрғындардың назарына жеткізу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Президенттікке кандидат Аманкелді Таспиховты қолдаушы Павлодар облысының белсенді жастары 9 маусым күні өтетін Президент сайлауында азаматтық ұстанымды танытып, Кәсіподақтар федерациясынан үміткер Аманкелді Таспиховқа дауыс беруге шақырды.
Іс-шара барысында қала көшелерінде 300 буклет таратылды , сондай-ақ рұқсат етілген орындарда 130 плакат орналастырылды.