Бүгін “Кәсіподақтар үйінде” орналасқан Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Аманкелді Таспиховтың Республикалық қоғамдық штабында Нұр-Сұлтан қаласы аймақтық штабтың ұйымдастыруымен елордалық сайлау учаскелерінде 9 маусым күні жұмыс атқаратын бақылаушылармен кездесу өтті.
Бұл жиында штаб төрағасы, кандидаттың сенімді өкілі, ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Бақытжан Әбдірайым байқаушыларға алда келе жатқан сайлау күнінде сәттілік тілеп. нұсқау-ақпараттарды да атап өтті.
Нұр-Сұлтан қаласында 204 сайлау учаскесі сақадай сай дайын, кәсіподақ өкілдерінің бақылаушы болуға деген ниеттері осы кездесуде анық байқалды. Сөз кезегінде Федерация заңгерлері толық ақпарат таратып, байқаушыларға дұрыс және манызды нұсқаулықтарды айтты.