ҚР Президенттігіне кандидат А.Таспиховтың Қызылорда облысының Шиелі ауданындағы сенімді өкілдері бірі – Бекхожаева Алия Сейдахметқызы.
Ол кәсіподақтардан ел Президенттігіне ұсынылған Аманкелді Таспиховтың тұғырнамасындағы еңбек адамының жағдайын жақсарту, оның құқығы мен мүддесінің ең басты орынға қойылуы халықтың қолдауына ие болады деп сенеді. Алия Сейдахметқызы Шиелі кенті тұрғындарына кәсіподақтардың қоғамдағы маңызды ролі мен жұмыс қағидаттарын түсіндіре отырып, сайлаушыларды 9 маусымда өтетін Президент сайлауында кәсіподақтар кандидаты А.Таспиховты қолдап, дауыс беруге шақырды