Шағалалы Шардарада сайлауалды шаралар қыза түсті

А. Таспиховтың Шардара ауданы бойынша қоғамдық штаб өкілдері мұғалімдер мен спорт саласы қызметкерлерімен кездесті. 50 қатысушы бас қосқан жиында насихат тобы ұстаздар мен спорт саңлақтарын үміткер А.Таспиховтың тұғырнамасымен таныстырды. Кандидаттың еңбек заңдылықтары бойынша келелі жоспарлары еңбеккерлерді бір серпілтіп тастады.

Жастар арасында сайлауалды бағдарламысы кең түрде талқыланып , парақшалар таратылды.
Шардара аудандық мемлекеттік қызметкерлер кәсіподағының төрайымы, штаб басшысы, үміткердің сенімді өкілі Бақыткүл Биманова баяндама жасап, А.Таспиховтың өмірбаяны мен ел игілігі үшін атқарған жұмыстарына шолу жасады. Шардара аудандық білім қызметкерлерінің төрағасы, үміткердің сенімді өкілі Жұман Үлықбек сайлауалды тұғырнамасына талдау жасап, кандидатты қолдауға шақырды. «Кәсіподақ – қоғамның қозғаушы күші» екендігін атап өтіп, еліміздегі ең қуатты ұйымның болашақтағы мүмкіндіктерін екшеді.

Үміткердің сенімді өкілі көпшілікке бұл жиынның мәні мен мазмұнын түсіндіріп, елдің келешегін айқындайтын елеулі шарада белсенділік танытуға шақырды. Тұғырнамаға сүйенген Жұмын Ұлықбек «Кез келген еңбек адамы үшін оның еңбегіне лайықты ақы төленуі-негізгі шарт болып табылады» дей келе осы арқылы тұрғындардың өмір сүру деңгейі мен қоғамдағы жалпы әлеуметтік тұрақтылық анықталатынын жеткізді. Үміткер бағдарламасымен танысып шыққан шардаралықтар насихат тобына түрлі сауалдар жолдап, тұшымды жауаптар алды.