Астана ТВ, “Арнайы марафон ұйымдастырылды”

«Кәсіподақтар күші-бірлікте». Қызылорда аумақтық кәсіподақтар ұйымдары Президенттікке үміткер Аманкелді Таспиховтың сайлауалды тұғырнамасын насихаттау үшін арнайы марафон өткізді. Оған өңірдегі барлық салалық кәсіподақ ұйымының белсенділері және жастардың қоғамдық бірлестігінің өкілдері қатысты. Жалпы Сыр өңірінде бүгінде әр сала бойынша бір мыңнан астам бастауыш кәсіподақ ұйымы болса, оған бірнеше мыңға жуық адам мүше. Ал Президенттіке үміткердің үгіт-насихат жұмысы басталғаннан бері аймақта жиырмаға жуық іс-шара өткен. Бүгінгі марафон басталмас бұрын Аманкелді Таспиховтың сенімді өкілдері жиналған жұртқа кәсіподақтың қазіргі атқарып жатқан жұмыстары туралы қысқаша айтып берді. Ең негізі мақсат – кәсіподақтың мәртебесін көтеру.  Серік СЕРМАҒАМБЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПОДАҚТАР БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Негізінен сайлауға қатысуымыздың себебі, мақсат біріншіден өзіміздің кандидаттың мүддесін қорғап жүргендерін білдіріп жатсақ, екіншіден әр кәсіподақтың мүшесі әрбір ұйым өздерінің талаптарын, ұсыныстарын осы кандидат арқылы білдіруде. Н. Біләл

Дереккөз: https://astanatv.kz/kz/news/48682/?fbclid