Павлодар облысында Аманкелді Таспиховты қолдау мақсатында үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда

Павлодар облысы бойынша Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Аманкелді Таспиховты қолдау үшін брошюралар тарату және үгіт материалдарын жапсыру жалғасуда.

Жас белсенділер, аймақтық қоғамдық сайлауалды штабының волонтерлері облыстың қалалары мен аудандарының тұрғындарына кәсіподақтар Федерациясынан кандидаттың бағдарламасын жеткізіп, оның сайлауалды тұғырнамасының негіздерін түсіндірді. Іс-шара барысында барлығы 350 буклет пен флаерлер таратылды, сондай-ақ рұқсат етілген орындарға 250 плакат жапсырылды.