Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Амангелді Таспиховтың республикалық қоғамдық штабына Сыртқы істер министрлігінен оның ұсынысына жауап келді.

Кәсіподақтар федерациясы атынан ҚР Президенттігіне кандидат А.Таспихов Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінен Қазақстанның Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) Конвенцияларын ратификациялау мәселелері бойынша бұрын жолдаған сауалына жауап алды.

Сыртқы саясат ведомствосының берген жауабында ҚР Президенттігіне кандидат Амангелді Таспиховтың ұсынысын қарау туралы көрсетілген.

Халықаралық еңбек нормативтік құжаттарын ратификациялау жөніндегі рәсімдерді бастау мүмкіндігі туралы мәселені одан әрі қарау үшін ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау  министрлігіне  қарастыруға жолданған.