Ағымдағы жылдың 28 мамыр күні Жаңақала ауданында білім беру ұйымдарының кәсіподақ төрағалары мен кәсіподақтың белсенді жастары арасында БҚО білім және ғылым кызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрағасы М.Даупаев, бас маман – заңгер Г.Құрманғазиева және бас есепші Г.Қайрлиеваның қатысуымен «Әлеуметтік әділеттілік – кәсіподақтың басты басымдылығы!» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, өткізілді.
Дөңгелек үстелді Жаңақала аудандық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрағасы Қайрекешов Жастілек Яхияұлы жүргізіп отырды. Облыстық кәсіподақтан келген мамандар тақырып бойынша жеке-жеке сөз сөйлеп, қойылған сұрақтарға тұшымды жауаптарын берді.
Жиын соңында БҚО білім және ғылым кызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрағасы, кандидаттың сенімді өкілі М.Даупаев алда келе жатқан 9 маусым күнгі үлкен саяси науқан сайлау туралы хабарлама жасап, кәсіподақ атынан ҚР Президенттігіне үміткер, жерлесіміз А.Таспиховтың өмірбаяны мен еңбек жолы туралы айтып, сайлауалды бағдарламасымен таныстырып өтті. Сонымен қатар, қатысушыларға үгіт-насихат парақшалары таратылды. Жиын соңында кәсіподақ белсенділері келген қонақтарға өздерінің ризашылықтарын білдіріп, өз ойларын жеткізді.