ҚР Президенттігіне кандидат А. Таспиховтың Жамбыл облысы бойынша қоғамдық штабының мүшелері және облыстық «Келешек» Жастар Кеңесінің белсенділері осы сайлау науқаны кезінде халықпен түрлі кездесулер мен үгіт-насихат іс-шараларын өткізіп жүр.
Солардың бірі ретінде Тараз қаласының қоғамдық көліктері де назардан тыс қалмай отыр. Жас еріктілердің қатысуымен ұзын саны 50-ге тарта қоғамдық көліктерге кандидат А. Таспиховтың үгіт материалдары орналастырылды. Бұл да өз кезегінде қалың көпшілікке Кәсіподақтар кандидатын танытады деген ойдамыз