СЕНІМДІ ӨКІДЕР АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ АУДАНДАРЫНДА БЕЛСЕНДІ ЖҰМЫСЫН ЖАЛҒАСТЫРУДА

Кәсіподақтар федерациясынан Президенттікке ұсынылған үміткер Аманкелді Таспиховтың сенімді өкілдері Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданының орталығы Кандыағаш қаласына барды.

Сапар барысында олар Мұғалжар ауданының сайлаушыларымен, үміткер Аманкелді Таспиховтың аудандық қоғамдық штаб мүшелерімен және сенімді өкілдерімен кездесіп, оларға кандидаттың сайлауалды тұғырнамасы, оның еңбек және қоғамдық қызметі туралы ақпарат берді.

Сайлау алдындағы платформаның негізгі ережелері бойынша сындарлы пікір алмасып, қойылған мәселелер бойынша түсініктемелер берілді.

Кездесуге қатысқан сайлаушылар Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер Аманкелді ТАСПИХОВТЫҢ сайлауалды бағдарламасын бірауыздан қолдады.