АНА МЕН БАЛА ОРТАЛЫҒЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Балалы үй – бақытты отбасы. 1 маусым – Балаларды қорғау күні қарсаңында Қызылорда облыстық «Ана мен бала» перинаталдық орталығында​ ақ халатты абзал жандармен кездесу өтті.

Халық денсаулығын жақсартуда аймақта біршама жұмыстар атқарылуда. Әсіресе, ана мен бала денсаулығы жіті назарда, бұл ретте Қызылорда облыстық перинаталдық орталықтың алар орыны зор. Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық​ кәсіпорны “Облыстық перинаталдық орталығы”​ облыста 2014 жылдан бастап жұмыс жасайды, аурухана 350 төсектік орынға жасақталған, орталықта 764 қызметкер қызмет атқарады.

​Кездесу алғысөзінде аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Серік Сермағамбетов кездесуге қатысушы ақ халатты еңбек ұжымына еліміздің халқы денсаулығы үшін, әрбір отбасы мен әрбір анаға балалы болу бақытын сыйлау жолындағы адал еңбектері үшін алғыс айтты. Серік Сермағамбетов қазірде елімізде орын алып отырған саяси науқан туралы айта келе, ҚР Президенттігіне кәсіподақтардан кандидат Аманкелді Таспиховтың өмірбаянын, еңбек жолын, халық игілігі үшін жасаған қызметтері туралы баяндады.

Еңбек ұжымы кандидат тұғырнамасында көтерілген бюджеттік сала қызметкерлерінің еңбек ақысына қатысты, еңбек қауіпсіздігі бойынша қабылдануы қажет шаралар тиімділігі туралы ойларын ортаға салды. Президенттікке үміткер А.Таспиховтың тұғырнамасындағы еңбек қатынастары бойынша қойылған талаптарды дәрігерлер қолдап, өз пікірлерін білдірді. Кездесуге орталықтың 50 ден аса қызметкерлері қатысты, қатысушыларға үгіт-насихат материалдары таратылды.