Бүгін, 31 мамыр күні ҚР Президенттігіне кандидат А. Таспиховтың сенімді өкілдері Тараз қаласындағы «Болашақ» колледжі ұжымымен кездесті.
Кездесуде ҚР Президенттігіне кандидат А. Таспиховтың сайлауалды бағдарламасында қарастырылған мәселелер колледж ұжымына кеңінен түсіндірілді.
Кандидаттың тұғырнамасында көрсетілген жауапсыз жұмыс берушілердің жауапкершілігін арттыру, лайықты еңбекақы төлеу, қауіпсіз еңбек жағдайын жасау, жұмысшылардың құқын қорғау мәселелері колледж мұғалімдері тарапынан қолдауға ие болды.