Кәсіподақ еңбек адамына қамқорлық жасайды

30 мамырда ҚР Президенттігіне кандидат А. Таспиховтың сенімді өкілі, «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ-нің Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Е. Сатыбалдиев Жамбыл аудандық Орталық аурухана ұжымымен кездесті.

Жиынға жалпы 75 -тен астам адам қатысты

Кездесуде барысында медицина қызметкерлеріне Кәсіподақтар еліміздегі еңбекшілердің мүддесін қорғайтын ең ірі қоғамдық ұйым болғандықтан осы сайлауға қатысып отырғаны айтылып, кандидат А. Таспиховтың сайлауалды тұғырманасында көрсетілген жауапсыз жұмыс берушілердің жауапкершілігін арттыру, лайықты еңбекақы төлеу, қауіпсіз еңбек жағдайын жасау, жұмысшылардың еңбек құқын қорғау, еңбек миграциясын реттеу, сапалы және тегін білім беру мәселелері жан-жақты түсіндірілді.

Осы кездесуге келген сайлаушылардың тарапынан әсіресе, осындай бюджеттік сала қызметкерлерінің базалық еңбекақысын төменгі еңбекақы мөшлеріне дейін жеткізу және барлық жұмыскерлердің еңбекақысын көтеру мәселесі қолдау тауып, кәсіподақтардың жұмысына өз ризашылықтарын білдірді.