31 мамырда ҚР Президенттігіне кандидат А. Таспиховтың сенімді өкілдері Тараз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы ұжымымен кездесті.
Сайлауалды кездесуге қатысқан ұжым қызметкерлеріне, әрі кәсіподақ мүшелеріне ҚР Президенттігіне Кәсіподақтар федерациясынан алғаш рет ұсынылып отырған А. Таспиховтың өмірбаянымен және сайлауалды тұғырнамасында көрсетілген мәселелер түсіндірілді. Сондай-ақ, кандидаттың сенімді өкілі Е. Сарузенов Кәсіподақтардың осы сайлауға қатысудағы басты мақсаты – ол еңбек адамының, яғни олардың отбасылары мен туған-туысқандарының, жақын- жұрағаттарының мүддесін қорғау екенін айтып берді.
Кандидаттың сайлауалды бағдарламасындағы еңбек адамының мүддесі мен құқын қорғау, лайықты жалақы төлену, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері орталық қызметкерлерінің қөңілінен орын тапты.